KZ | RU
Жеке кабинет
Жеке кабинет
KZ | RU

Eurasian Resources Group (ERG) толық интеграцияланған энергетикалық, көліктік және маркетингтік операциялары бола отырып, табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы әлемдегі жетекші әрі неғұрлым әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Топ әлемнің 20 елінде төрт құрлықта ұсынылған және саладағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.

  • Хромның құрамы бойынша жоғары көміртекті феррохром өндірісіндегі әлемдік көшбасшы және Еуразия өңірінде темір кені мен алюминий өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі. Бұл Қазақстандағы жоғары маркалы алюминийді жалғыз өндіруші. Сонымен қатар, Топ мыс пен кобальтты негізгі жеткізушілердің қатарына кіреді.
  • Қазақстан Республикасы тау-кен металлургия кешенінің үштен бірі, сондай-ақ Орталық Азиядағы электр энергиясын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі теміржол операторы.